Канал – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Канал» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1041
Күн қапырық,
Жанып тұр.
Құм да күйген
Анық бір.
Батты бір кез
Күн ыстық.
Айналада
Тыныштық.
Ай, жұлдыздар
Аспанда
Алтын нұрын
Шашқанда,
Түн салқыны
Жер-көкті
Тәтті ұйқымен
Тербетті.
Ал, каналда құмдағы
Жұмыс бір сәт тынбады.
Дұрысында бұл деген –
Күрес қой шын құмменен.
Барып тұрған бейнет қой,
Бейнет түбі – зейнет қой.
Еңбек түбі ақталар,
Құм гүлденер шақ болар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Канал өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Канал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Канал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Канал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері