Шаттанайық, кәнеки – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шаттанайық, кәнеки» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1604
Әнін жазған Нұрлан Байгөзов

Ақылыңа жарасымды
Көрген күннен көрінді,
Асау жүрек аласұрды,
Алып қойдың еркімді.

Қайырмасы:
Шаттанайық, кәнеки,
Аттанайық, кәнеки.
Шақырады бір бақыт
Алдымызда, әнеки.

Сен дегенде ұмытамын
Шетсіз, шексіз ғаламды.
Бір өзіңсің үміт әнім,
Нұрландырған санамды.

Қайырмасы:

Сенсің – тұғыр, тірегім де,
Сенсің – асу-асқарым.
Сенсің – әппақ тілегім де,
Сенсің – ашық аспаным.

Қайырмасы:

Аспандағы нұрлы күннің
Жанарыңда қызуы.
Сенсіз маған бұл ғұмырдың
Болмас ешбір қызығы.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаттанайық, кәнеки өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шаттанайық, кәнеки өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаттанайық, кәнеки өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаттанайық, кәнеки өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері