Өлең, жыр, ақындар

Отаным – ата заңымыз

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2185
Әнін жазған Әліби Әбдінұр

Отаным деп оянам,
Алтын нұрға боянам.
Отаным – Ата заңымыз,
Асқақ әніміз,
Мәңгілік ел – Отаным,
Сенде таң боп атамын,
Сенде күн боп батамын.

Қайырмасы:
Отан деген асқақ ұғым,
Кең байтақ жерім бар.
Ата Заңым шашқан нұрын,
Егемен елім бар.
Жарқырай бер, әр күн Отан,
Әлемге даңқың бар.
Жаса мәңгі жарқын Отан,
Жасампаз халқың бар.

Отан деген – ақ ордам,
Бақыт құшқан бақ ордам.
Алтын арай таңымыз –
Ата Заңымыз.
Көкте көк ту-байрағы
Қанатын кең жайғаны –
Отанымның айбары.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір арман

  • 0
  • 0

Бұл өмірге,
Гүл өмірге келіп ем,
Есігінен ерке басып еніп ем.
Көп жасадым,

Толық

Тіршілік түйіні

  • 0
  • 0

Бірде жайлап сұрақ қойды сымбаттым:
– Жалтақтамай жауап берші, қымбаттым.
Ұл баланы неге жақсы көресің?
Амалсыздан жар алдында тіл қаттым:

Толық

Керуен

  • 0
  • 0

Келе жатты құмыра артқан керуен,
Биік құздан түсу керек абайлап.
Басқалары арттағыға қарайлап,
Қосшы бірін жетектеді жөнімен..

Толық