Өлең, жыр, ақындар

Керуен

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1336
Келе жатты құмыра артқан керуен,
Биік құздан түсу керек абайлап.
Басқалары арттағыға қарайлап,
Қосшы бірін жетектеді жөнімен..
Көтеріп Ат бар салмақты жонымен,
Тартты жайлап арбаны.
Сол жас Атқа алдағы
Қосшы ұрысты бақылап әр адымын:
«Ай, мақтаулы Ат, мұның не?
Байқасаңшы, тырысқан ба тақымың?
Болады ма қисық, қыңыр жүруге?
Батыл ұмтыл тағы бір,
Енді солға, әрі жүр!
Есекпісің, өрге тартып жатсың ба,
Тас түнектің астында?
Күндіз беттеп келесің ғой төменді!
Саған қарап, таусылды бар шыдам да,
Бізге қарап көр енді!
Қорықпағын, бір минут та жоғалтпан,
Жылжымайды, зырлайды жүк мен артқан!»
Күшене кеп делебесі қозған-ды,
Жас Ат жүкпен орынынан қозғалды.
Сол-ақ еді төбешіктен асқаны,
Жүгі ығысып, арба жүйтки бастады.
Атты итеріп бірде алға, бір шетке,
Безектетті тынбай ұрып тірсекке.
Со бетпен,
Кенеттен
Қарамай еш ой-шұқырға, қырыңа,
Зымырап,
Терең орға қойып кеттә кенеттен!
Қирады бар құмыра.
* * *
Көп адамда бар осындай босаңдық:
Басқалардан көрер дәйім кемісті;
Өзің алсаң сол істі,
Танытасың екі есе артық осалдық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Екі қыз

  • 0
  • 0

Бір досының үйінде
Екі қыз бар көрікті.
Тыныш жатқан күйінде
Қалдырмайды ерікті.

Толық

Ана махаббаты

  • 0
  • 0

Бал бөбегін ән еткен,
Болды ана Дәметкен.
Жалғыз ұлы Сағаттың
Өмірін гүл, таң еткен.

Толық

Кешегі әйел емен

  • 0
  • 0

Кешегі әйел емен үнім нәзік,
От шығарам тарихтың күлін қазып.
Ұрпақтардан ұрпаққа көшіремін,
Өлмейтұғын өмірдің жырын жазып.

Толық