Өлең, жыр, ақындар

Алматы — тарихымның діңгегі.

Алматы тарихымның​ - діңгегі.

Алатаудың мамыражай күнгейі,
Алматыны сірә кімдер білмейді?
Талай арыс оққа ұшқан құпия -
Боралдайда бар қабірлер сүрмелі.

Алма - арасан, Шымбұлағы, Медеуі,
Жиі жарыс өткізумен келеді.
Қапшағай мен Көктөбесі демалған,
Адамдарға жағдай жасап береді.

Абай - Достық даңғылдары қиылысы,
Республика Сарайының бұрышы.
Ал​ Ұлттық кітапхана жанында -
Бар әртүрлі театрлар желісі.

Самаладай көрінеді түнгі шақ,
Адам толы Саябақ пен Зообақ.
Анненковтың бала атып ойнаған
Көкбазары...
Ар жағында... Саяхат.

Ескі алаң, Жаңа алаң, жалаулар,
Мұнда талай жұмбақтар бар,
Қараңдар...!
Желтоқсанда қанға бөккен жастардың,
Көз жасына куә болған қалам бар.

Өтіп жатқан тарих толы күндері,
Атақтыдан кімдер мұнда жүрмеді?
Болашағың жарқын болғай тек қана,
Алматым сен​ - тарихымның діңгегі!

Мың жылдан көп тарихы бар бас қала,
Қаншама жыл болып келдің астана.
Билік көшіп кетсе-дағы өзіңнен -
Басты қала - боп қаласың басқаға.

Медеуіңнің мұз айдынын айналып,
Сырғанауға,
мәз болуға - тоймадық.
Шымбұлақтың биігінен төменге​ -
Қарай беріп, басым кетті айналып.

Осы белдер жасырып ап көп сырды,
Моп-момақан тыныштықта өксиді.
Бұтақтыда болған талай
шайқастан -
Қалып кеткен тауып жүрміз көп сыйды.

Алтын адам, тай тұяқтар,​ қарулар,
Балбал тастар, қашап жазған жазулар.
Барлығы да құпияға толы мың,
Зерттелмеген талай нәрсе табылар?

Мұражай мен мұрағатта көп жұмбақ,
Талай ғалым мұны әлі сөз қылмақ.
Қазағыма қарсы талай қылмыстың,
Айтылатын кезі келер, ел шулап.

Ұлы Жібек жолындағы бұл қала,
Бау-бақша мен бай болатын алмаға.
Ақ қар басқан Алатауы қашан да,
Қонақтарға көз тастайды паңдана.

Қазіргі күн мәдениеттің жүрегі,
Күллі қазақ Алматы деп біледі.
Ал мен үшін,​ ару қала ежелден,
Саналады тарихымның діңгегі.

Тянь-Шанның баурайында туыппын,
Алматының аруы боп жүріппін...
Шымкентке келін болып,
Өзіңе​ -
Сағыныштан жыр арнадым сүйіктім!!!

Гүлмекен Қасенбай
25.09.2019



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар