Сен үшін, жаным – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сен үшін, жаным» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3982
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Өмірімді,
Көңілімді
Арнадым саған.
Бір ән болып,
Қыран болып,
Самғадым саған.
Шыңдардан да,
Сындардан да
Сүрінбей өттім.
Таң нұры боп,
Ән-жырым боп,
Күлімдей жеттің.

Қайырмасы:
Сен үшін, жаным, көктемде,
Гүл іздедім бөктерде.
Сағыныш лебі өпкенде,
Айналдым әппақ кептерге.
Сен үшін, жаным, көктемде,
Дауысым талып жеткенше,
Өзіңді құшып-өпкенше,
Шыдам-тағат жоқ менде.

Тілдесуге,
Жүздесуге,
Асықтым саған.
Таппай тыным,
Мақтайтыным –
Ғашықпын саған.
Шаттансам да,
Мақтансам да,
Сен үшін, жаным.
Тербейтұғын,
Өлмейтұғын
Өзіңсің әнім.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен үшін, жаным өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сен үшін, жаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен үшін, жаным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен үшін, жаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері