Өлең, жыр, ақындар

Туған жерім – Сасықкөл

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 11
  • 41332
Алыстан мұнарланып шалқыған көл,
Бетіңде күннің нұры балқыған көл.
Жарысып саф күмістей ақ көбігің,
Мап-майда мөлдірінде қалқыған көл.

Жанында жас балалар ойнаған көл,
Жан-жануар суыңды ішіп, тоймаған көл
Көз салып жалтырыңа, мұңға батып
Ғашықтар жарын іздеп, ойлаған көл.

Шешініп қыз-келіншек су алған көл
Әр жанды мөлдіріңнен суарған көл
Масайрап, суға тойып төрт түлік мал
Дөңіне ойнақ салып, қуанған көл.

Сыртыңда ақ боз үйлер жарасқан көл,
Байларың кедейлерге қарасқан көл
Ағайын тату-тәтті – қоныс бірге,
Саулықты сағат сайын сұрасқан көл.

Түрлі құс әуез қосып, шулаған көл
Шуақта балықтарың тулаған көл
Сапырып сары қымыз ертенді-кеш
Басында кеңес құрып, дулаған көл.

Сасық деп еркелетіп, ат қойған көл,
От-суға иең түгіл, жат тойған көл,
Назданып, жүйрік мініп, тарлан шүйіп,
Көксілдер тұс-тұс жақтан ат қойған көл.

Кір жуып, кіндік кесіп, сенде өскен көл,
Құрбымен ойнап-күліп, кел дескен көл,
Жарысып, тайға мініп, батпаққа аунап
Күресіп күн батқанда белдескен көл.

Айдын көл, ата қоныс, құт болған көл
Сусын боп сұрағанға, от болған көл
Кеше бірлік, ынтымақ түгел шақта
Бейне бір сенің басың сүт болған көл.

Білмеймін не боларың, қайран көлім
Жарайды тең болмаса күн мен түнің
Итиіп қарашекпен келіп қонса
Басыңнан құсың ұшып кетер сенің.



Пікірлер (11)

Жансая

оте керемет

Жаннұр

Күшті жазылған

Жасмин

Кокейимнен тесип шыкты

Тоғжан

онша емес өте нашар

♡♡♡БАЛНУР♡♡♡♡

оте керемет жазылган олен

Жаркын

Керемет аитылган олен

Жаркын

Жаксы

Сания

Маған ұнады.Өте әдеби түрде жазылған

Мағжанның өлеңдерін іздеуші көмектесіңдер

Мен Мағжан ағаның өлкелердің ұнатамын

Дариға Н

Мағжан Жұмабаевтың Туған жерім – Сасықкөл атты өлеңі маған ұнады

Назарбай

Әдемі жазылған!!

Пікір қалдырыңыз

Бір биге

  • 1
  • 1

Ә, биіміз, биіміз,
Түрленіп қапты үйіңіз,
Тым-ақ тәуір күйіңіз.
Байқаймын, мол ғой, тегінде,

Толық

Тез барам

  • 0
  • 0

Қыранымын сары сайран даланың,
Қос қанатым – алтын Алтай, Оралым.
Еркін дала ардақтысы, еркесі –
Бетім қайтпай өскен батыр баламын.

Толық

М.Д. абақтыдан шыққанда

  • 1
  • 2

Зор қуаныш — қара түн өткенiне,
Алтын таңды ашық күн жеткенiне,
Қан аралас төгiлген көп көз жасты
Тәңiрi қабыл, мейiрiм ғып, еткенiне.

Толық

Қарап көріңіз