Өлең, жыр, ақындар

Қазағым-ай ХҮІІІ-ХІХ ғасыр

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2130
Айналайын атыңнан, Қазағым-ай,
Аз болды ма мазақ пен азабың-ай?
Бабалардың ерлігін ұмыттың ба?
Болдың неге жасқаншақ таза бұлай?
Бүгінгінің қайранмын қазағына,
Жаратқанға әлде ол жазалы ма?
Бабаларым төзгенмен азабына,
Көнген емес дұшпанның мазағына.
Бабаларым елі үшін барын берген,
Керек десе, қасық қан – жанын берген.
Жерім үшін жан пида деген сөзбен
Ұрпағына адуын арын берген.
Сондай ұрпақ қас батыр Абылайлар,
Кенесары, Наурызбай, Ағыбайлар,
Ақтамберді, Қабанбай, Бөгенбайлар...
Аз болған жоқ халқының қамын ойлар.
Бабаларым болашақ ұрпағы үшін,
Арайланып ататын нұр таңы үшін,
Жаратушы сыйлаған туған жердің
Жауларына бермеген бір қарысын.

ХХ ғасыр
Он алтыдан басталған өткен ғасыр,
Қасірет пен қайғы боп жеткен ғасыр.
Сарбаз бермей патшаға, қарсыласқан
Қазақтарға тажалын төккен ғасыр.
«Қызылдар» кеп, «кулак» деп қуа берген,
«Ақтар» болса, «қызыл» деп, ұра берген.
Сылтау тауып сыныққа неше түрлі,
Озбыр билік қазақты қыра берген.
Жан сауғалап көп қазақ қашып кеткен,
Елін тастап, Алтайдан асып кеткен.
Отыз екі – қазаққа нәубат болып,
Кең даласы өлікпен сасып кеткен.
Отыз жеті – қазақтың қаймақтарын
Қойдай қырған бір оқпен байлап бәрін.
Бас көтерер саналы жан қалмаса,
Күйінбейсің қалайша қайнап қаның?
Қырық бір мен қырық бес – соғыс болды,
Соғыс емес – қызыл қан төгіс болды.
«Отан үшін отқа түс!» – деп ұрандап,
Өлдім-талдым дегенде жеңіс көрді.
Сонда, қазақ, қорғадың қай Отанды?
Есіңе алдың ардақтап қай атаңды?
Тілің менен дініңнен қоса айырып,
Билік қана қатыгез тоят алды.
Сексен алты – шегіне жетті білем,
Тоса берсін қашанғы бетті кілең?
Қазағымның жастары жалаулатып,
Озбырлықтың іргесін сөкті бірден.
Өкіметтің шайқалып шаңырағы,
Талай елдің жүздері жадырады.
Тәуелсіз ел атанып қазақтар да,
Ту көтеріп, шалқыды ән ұраны.

ХХІ ғасыр
Тәуелсіздік осылай келген еді,
Тәңір сыйлап, сәтімен берген еді.
Неге бізге қарайды шекесінен,
Көк аттының кейкиіп көлденеңі?
Қазақ деген, япыр-ау, намыс қайда?
Туған елдің тілі үшін алыспай ма?
Бара қалып басқа елге, тіл білмесең,
Сеніменен қояды таныспай да.
Келімсектер әр жерден ауып келген,
Сыйлы орын, жылы жай тауып төрден,
«Кеше келген тоқалдар қоқаңдар» боп,
Елімізге солардан қауіп төнген.
Өздерінше тамаша, тойы болса,
Арқа-жарқа араққа тойып алса,
Неткен сұмдық – қазақтың ұлдарының
Басын жарып, көздерін ойып алса?
Түріктер ме, ұңғыш па, ұйғыр мейлі,
Неге бізге жүрегін идірмейді?
Өз жерінде жүргендей тайраңдаса,
Қалай ғана жаныңды күйдірмейді?
Қазақ деген жарамсыз өкілетке,
Өз жерінде жүріп-ақ жетімек пе?
Өз ұлтының намысын қорғамаса,
Сірә, ондай өкімет өкімет пе?
Депутаттар өздерін зор санайды,
Өз тілінде сөйлеуді қор санайды.
Он тоғыз жыл өтсе де, Парламенттің
Орыс тілде сөйлеуін жөн санайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әйел құдіреті

  • 0
  • 0

Бас иемін қашанда әйелге мен,
Соғып тұрған жүрегім әйел дер ем.
Құдіретті кім десе бұл әлемде,
Сұлу болып жаралған әйел дер ем.

Толық

Лекцияда

  • 0
  • 0

Дәрістен соң лектор жұрттан сұрады:
– Кәне, кімнің қоятын бар сұрағы?
– Әрине, бар, жағың ғана қарысқыр! –
Деді сонда ашумен бір шал ұшқыр.

Толық

Қарға мен тауық

  • 0
  • 0

Смоленск князі
Айласына болып өзі разы,
Тұзақ құрып сан түрлі,
Мәскеуді жау қолына қалдырды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар