Бір арман – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бір арман» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1886
Бұл өмірге,
Гүл өмірге келіп ем,
Есігінен ерке басып еніп ем.
Көп жасадым,
Көп асадым демеймін,
Тиесілі несібемді теріп ем.
Қызығы да,
Қызуы да мол таңда,
Уа, достар, жүрдім шалқып ортаңда.
Көпті көрдім,
Көпті бердім демеймін,
Өрнектедім өзіндік бір қолтаңба.
Үйлендім де,
Үйге ендім де, жайландым,
Бұлқына алмас бір қазыққа байландым.
Мәз бе, жоқ па?
Аз да көп те демеймін,
Ошақ қасы,
От басында айналдым.
Жетіліп бір,
Бекініп бір отырып,
Жырларымды жазбақ едім от үріп...
Аз-ақ жандым,
Азаптандым демеймін,
Маздай алмай, күйіп барам тотығып.
Көңілімде,
Өмірімде мың арман,
Бас айналып, көзім тұнды мұнардан.
Көре алмадым,
Ере алмадым демеймін,
Іште кетіп бара жатыр бір арман:
Жырларым да,
Сырларым да қалар-ау,
Жарамдысын жұрт іріктеп алар-ау.
Өлдім – өштім,
Соңғы көшпін демеймін,
Адам болып шығыр ма екен бала анау?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір арман өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бір арман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір арман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір арман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері