Егерде тағдыр күшімен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Егерде тағдыр күшімен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1503
Егерде тағдыр күшімен
Бөліске түссе бар әлем,
Аралап жүріп ішінен
Өзіңді таңдап алар ем.
Сусырап егер шөлдесең,
Өзенің болып ағар ем.
Арманым жалғыз сол десең,
Айды да барып алар ем.
Күте тұр десең төзіммен,
Тас болып қатып қалар ем.
Бір ауыз жылы сөзіңнен
Мәңгілік бақыт табар ем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Егерде тағдыр күшімен өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Егерде тағдыр күшімен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Егерде тағдыр күшімен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Егерде тағдыр күшімен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері