Айсұлу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Айсұлу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4832
Айсұлу,
Айдай сұлу ақ реңді,
Күніне қырық құбылған лағыл өңді.
Сырнайдай сыңғырлаған үніңді естіп,
Жанғандай болды жастық бағым енді.
Айсұлу,
Айдай болып жаралдың да,
Әлемге ақ нұр болып таралдың ба?
Сүйкімді, сірә, сендей болар ма екен
Монтаны ерке лағы маралдың да?
Айсұлу –
Сиқыр сымбат, келіскен өң,
Әлде бір ақ сағымдай періште ме ең?
Айрықша жаратылған ай жүзіңе
Телмірмей өткен жанды кеміс дер ем.
Айсұлу,
Әрбір сөзің – ақылдылық,
Бойыңда қанша кербез жатыр қылық.
Желпінтіп, желіктіріп желөкпені,
Еріксіз жібересің ақын қылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айсұлу өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Айсұлу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айсұлу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айсұлу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері