Айрықша белгің өзгеден – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Айрықша белгің өзгеден» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1425
Айрықша белгің өзгеден –
Сиқырлы, сұлу көз-берен.
Кереметтігін суреттеп,
Жеткізу қиын сөзбенен.
Айрықша белгің басқадан –
Көздерің мұхит, асқақ ән.
Тереңге тартып талайды,
Тұңғиығына бастаған.
Айрықша белгің наздылық,
Жанымды жайлау, жаз қылып,
Арнамнан асып-тасытсаң,
Қайтейін сені жазғырып.
Айрықша белгің – еркелік,
Қарайсың көзді төңкеріп.
Жалт еткен жанар отыңа
Кетер ме екем өртеніп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айрықша белгің өзгеден өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Айрықша белгің өзгеден өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айрықша белгің өзгеден өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айрықша белгің өзгеден өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері