Сен болмасаң Сәруар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сен болмасаң Сәруар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1077
Сен болмасаң, Сәруар,
Аринаны білер ме ем?
Өмірдің не мәні бар,
Ішкіш болып жүрер ме ем?
Сен болмасаң, Сәруар,
Аринаны көрер ме ем?
Көңілдің не сәні бар,
Құмырадай көнерген?
Сен болмасаң, Сәруар,
Аринаны табар ма ем?
Болар-болмас табы бар,
Шоқтай бықсып қалар ма ем?
Сен болмасаң, Сәруар,
Аринаны сүйер ме ем?
Тәңірім боп табынар,
Отына оның күйер ме ем?
Соның үшін Сәруар,
Ризамын мәңгілік.
Есіміңді танымал
Айтып жүрем ән қылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен болмасаң Сәруар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сен болмасаң Сәруар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен болмасаң Сәруар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен болмасаң Сәруар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері