Кешірім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кешірім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4053
Мен бірде саған қатты ренжідім,
Жаздадым ашып ала жүрек жігін.
Өзімді ақылға сап, ашуға емес,
Қайтадан тарта қойдым жүген жібін.
«Кешіргін, – десең, – Алла, кеш ұлыңды,
Күнәңді кешер Алла кешірімді.
Болса да қанша қатең, кешіреді
Анаң да аялаған бесігіңді.
Болғанда Алла – мейір, кешірімді,
Мен неге айта алмаймын шешімімді?
Не бәрі пендесімін бір Алланың,
Қатеңді кеше салсам, несі мінді?
Айтамын жан сырымды енді кімге?
Жалғыз-ақ жебеушімсің сен бүгінде.
Біріміз-бірімізге сүйеніш боп,
Жүрейік тату-тәтті кемді күнде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешірім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кешірім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешірім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешірім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері