Шынарына жеткендей биік талдың – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шынарына жеткендей биік талдың» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1436
Шынарына жеткендей биік талдың,
Мен өзіңді өмірлік сүйіп қалдым.
Сен де мені бағалай білем десең,
Сонда ғана балбырап ұйықтармын.
Гүлдендіріп жүргенмен бұл ғаламды,
Сен өзіңнің білмейсің шын бағаңды.
Сендей қызы қазақтың бола берсін,
Бір сен үшін ағытам жырлап әнді.
Нұр дидарлы жүзіңе таласып нұр,
Жарқын мінез жайдары жарасып тұр.
Қаса сұлу қазақтың асыл қызы,
Бір Құдайым өзіңе қарасып тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шынарына жеткендей биік талдың өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шынарына жеткендей биік талдың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шынарына жеткендей биік талдың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шынарына жеткендей биік талдың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері