Өлең, жыр, ақындар

Ақын – елдің еркесі

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1667
Ақын – елдің еркесі,
Ақын – төлдің серкесі.
Қайда барса, ақынды
Қарсы алады өлкесі.
Ақындарды кемсітіп,
Бейшара жан көрмеші.
Қанша мықты болсаң да,
Салқын сәлем бермеші.
Ақындардың көңілі –
Домбыраның пернесі.
Баса білсең дәл тауып,
Айқындалар зердесі.
Кім бар екен өмірде
Ақындардың теңдесі?
Керек емес ақынға
Дүние-мүлік, теңгесі.
Өле қалсаң, бәрі де
Бос қалады ертесі.
Ақындардың көңілі –
Домбыраның пернесі.
Баса білсең дәл тауып,
Айтар ойы көл-көсір.
Ардақтаған ақынын
Алға тартқан ел көші.
Ақындардың қашанда
Кең көсілген көрпесі.
Ақындарды өлсе де,
Аялаған жер төсі.
Бәрін айт та, бірін айт.
Ақын – Алла пендесі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қасиет пен қасірет

  • 0
  • 0

Қасиет пен Қасірет, несі керек?
Екеуінің пішімі екі бөлек:
Қасиеттің жүзінен нұр шашылған,
Секілді бір көктемгі гүл ашылған.

Толық

Жемқорлыққа қарсы күрес

  • 0
  • 0

Арыстан патша ақырды,
Аңдарды түгел шақырды.
Аңдар болса дірілдеп тұр,
Не айтар екен бүгін деп тұр.

Толық

Біреулер айлап ішті

  • 0
  • 0

Біреулер айлап ішті,
Біреулер жайлап ішті.
Біржола ішпесе де,
Өзіне байланысты.

Толық