Өлең, жыр, ақындар

Қасиет пен қасірет

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4668
Қасиет
Қасиет пен Қасірет, несі керек?
Екеуінің пішімі екі бөлек:
Қасиеттің жүзінен нұр шашылған,
Секілді бір көктемгі гүл ашылған.
Алла оны ерекше сыйлады ма?
Қарай бергің келеді дидарына.
Ұрынбаған ешқандай тапшылыққа,
Жан дүнисі тұнып тұр жақсылыққа.
Жақындасаң жанына, жаны иіп,
Сөздеріңді тыңдай бәрін ұйып.
Аямайды көмегін қолдан келген,
Көбінесе тілегің оңнан келген

Қасірет
Қасіреттің тұрпатына, қарағым,
Келмес тіпті көз тоқтатып қарағың.
Тұла бойы қатып қалған тарамыс,
Жоқ секілді әл-қуат пен қара күш.
Оқ жыланның көздеріндей көздері,
Қарағанда жеп қоярдай өзгені.
Сұп-сұр бұлттай өңі қатты қуарған,
Жақтары да солып қалған, суалған.
Жанарының шуағы жоқ, көмескі,
Жүрегінің жылуы да жоқ ешбір.
Көңілі де жабырқаңқы, құсалы,
Жақсылықтың байқалмайды нышаны.
Алласына не қылықпен жазды екен?
Арамызда мұндай жандар аз ба екен?

Періште
Бірін сүйіп, біреуіне шамданып,
Екеуіне тұрғанда мен таңданып,
Бір Періште ұшып келіп ғайыптан,
Бұл жағдайды түсіндірді байыппен:
«Уа, пендем, таңданасың несіне?
Пенделерге Алла берген несібе.
Бергенде де, жетерліктей өлшеп тең,
Барлығына екі жолды көрсеткен:
Тура жолдан адаспасаң болғаны,
Әрқашанда Алла сенің қорғаның.
Тура жолдан шығып кетсең болғаны,
Теріс кетіп, толмай жатып солғаның.
Алдыңғының аты-жөні – Қасиет,
Әрбір ісі үлгі-өнеге, өсиет.
Жүрегі тек ізгіліктен жаралған,
Жақсылығын аямайды адамнан.
Көрген сайын жетістігін басқаның,
Көресің сен жүзінен нұр шашқанын.
Ал, екіші жанның аты – Қасірет,
Көре қалсаң, маңайынан қашық өт.
Өйткені, ол ар-иманын жоғалтқан,
Жақсылыққа жамандықпен оқ атқан.
Ішінде ұлып қызғанышты көк төбет,
Адалдықпан келе алмайды бетпе-бет.
Көре алмайды жетістігін басқаның,
Қызғаныштан іші өртенген қасқаның.
Тал бойына ішкен асы батпайды,
Қызғанышты мәңгі есіне сақтайды.
Алласына жазған солай бейшара,
Қызғаншаққа одан артық не шара?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кесірлі қабан

  • 0
  • 0

Ниеті қарау
Талпақ танау
Қабан Маралға тиісті:
Сезбейсің түк иісті.

Толық

Бар екен ғой...

  • 0
  • 0

Мына дүние деп жүрсем тар екен ғой,
Шетсіз-шексіз кең әлем шар екен ғой.
Ата даңқын аяққа таптатпайтын
Бар екен ғой жігіттер, бар екен ғой.

Толық

Жаны жарқын жандар

  • 0
  • 0

Өмірде бар ғой, шіркін, жаксы адамдар,
Көңілі – ақ шағала, ақша таңдар.
Жасанға жайнап кетер барлық әлем,
Бір сәтке көніліңді тапса адамдар.

Толық

Қарап көріңіз