Баюдың жолы мың тарам – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Баюдың жолы мың тарам» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1942
«Адам бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боласың өлсең тағы...», –
Деп Абай айтпаған-ау ашық бекер,
Кей адам тірідей-ақ сасып кетер.
Сол үшін әрбір үйге қажет қана,
Болу шарт ауласында әжетхана.
Әрине, қала үшін бұл міндет емес,
Қалаға аса қауіп індет емес.
Қалада үй ішінде бәрі дайын,
Керек пе?
Иіс басар дәрі дайын.
Ал, ауылда олай емес,
Еш нәрсе де оңай емес.
Болмаған соң жер асты ұңғылы,
Әжетхана шұңқыры
Тез-ақ толып, асып кетеді,
Иісі мүңкіп, сасып кетеді.
Ол үйге жақындаған адам
Мұрынын басып, қашып кетеді.
Сол үшін үй иесі асыға,
Шақырады боқтасушы машина.
Жүргізуші біліп алған әдісті,
Оп-оңай сорып алып нәжісті,
Еңбекақысын ақшалай алып кетеді,
Қалтасына салып кетеді.
Боқтасушы текке кетпейді,
Боқ та болса, текке төкпейді.
Оны шаруаға алып барады,
Оған да салық салады:
«Мына нәжісті жеріңе төгесің,
Барлық нәрін егінге бересің.
Содан өнімді артық аласың,
Байлыққа батып қаласың.
Бір машина боғым –
Бір қыстық соғым.
Маған соның құнын бересің,
Яғни, пұлын бересің».
Шаруа айтқанына көнеді,
Жүргізушіге мың доллар береді.
Одан кейін шаруада ісі жоқ,
Боқтасушыда түсім көп.
Өзі де боқ,
Сөзі де боқ.
Баюдың жолында
Тыным табар кезі де жоқ.
* * *
Әкім бол, мейлі басшы бол,
Бір ұйымға хатшы бол,
Баюдың жолы мың тарам жол,
Алаяқтық, арам жол,
Қазіргі заман сол.
Байыған сайын ісініп, мақтанасың,
Тойымсыздық белгісі ол баяғы.
Алла айырар адамның ақ-қарасын,
Көрге кіріп, біткенде жол аяғы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баюдың жолы мың тарам өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Баюдың жолы мың тарам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баюдың жолы мың тарам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баюдың жолы мың тарам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері