Жанды беруші де, алушы да Алла – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жанды беруші де, алушы да Алла» атты Абдрахман Асылбек жазған діни тақырыптағы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2963
Ешқандай құқы жоқ
Біреу біреудің ағызуға қанын.
Алла өзі ғана алады
Пендесіне берген жанын.
* * *
Көптеген елдерде
Гуманизмге келгенде,
Адам құқығы жақсы қорғалған,
Ешкім жоқ текке қорланған.
Ал, қаржылық қылмыс жасадың ба?
«Шамадан тыс асадың ба?»
Министр болсын бәрібір,
Әділ шешер заңы тұр.
Еш кешірім болмайды,
Өлім жазасымен сорлайды.
Адам өлтірсе де,
Мемлекетке қауіп төндірсе де,
Опасыз деп Отанға,
Өлім жазасын кеседі оған да.
Ал, біде ше, бізде ше?
Бәрі, бәрі де өзгеше.
Айтар болсақ анығын,
Гуманизм деген бар ұғым.
Қанішерлер шығарып ботқасын,
Қырып кетсе де бір отбасын,
Балиғат баланы зорласа да,
Адамның арын қорласа да,
Адам құқығын қорғау керек,
Өлім жазасына бармау керек.
Ол қағида заңдалған,
Қылмыскердің жағдайы қамдалған.
Өзі өліп түспей мүрдеге,
Жата беруі керек түрмеде.
Оларға берілер тамақ бар, киім бар,
Бақылайтын қанша ұйым бар?
Қас қақпайтын күзет бар,
Мәпелеп күтер ізет бар.
Жатар орындары таза болу керек,
Тыныш ұйықтар маза болу керек.
Яғни, қанішірді өлгенше бағу керек,
Барлық жағдайларын табу керек.
Иә, емес олар қылмыскер,
Секілді нағыз тыныскер,
Саяжайда жүрген туристер...
Түрмеге жұмсалған қаржының
Кім тексеріп жатыр қоржынын?
Қылмаскерді өбектеп,
Текке баға беру керек пе?
Балабақша көп десек те,
Қаншама бөбектер
Тұр емес пе кезекте?
«Бала – біздің бағымыз,
Жарқын болашағымыз»,
Дейтін болсақ, қалғымай,
Күн кешпейік дәл бұлай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанды беруші де, алушы да Алла өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жанды беруші де, алушы да Алла өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанды беруші де, алушы да Алла өлеңі не туралы?

Бұл шығарма діни тақырыптағы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жанды беруші де, алушы да Алла өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері