Өлең, жыр, ақындар

Сыншының сыры

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1158
Кім дейсің ғой сыншыны?
Сыншы деген міншіні?
Ол адамның мінін айтады,
Жасырмай шынан айтады.
Айтқанда, ашық айтады,
Қотырын қасып айтады.
Тас кенедей қадалады,
Қадалған жерден қан алады.
Яғни, қотырыңды қаси береді,
Қасыған жер аши береді.
Артынан сыншы опынып қалады,
Не істерін білмей, отырып қалады.
Өйткені, шенеунік-шекпенділер,
Әділ сынға кектенділер:
«Сыналатын кім едім?
Өз құдіретімді білемін.
Мені сынайтын адам ба?
Әлде топас, надан ба?
Көк шыбын қондырып көзіне,
Көрсетейін өзіне» –
Деп, тұлданып, күйініп,
Сыншыға қатты шүйіліп,
Түсіп алып соңына,
Айналады сорына.
Содан сыншы оңбайды,
Шынында да сорлайды.
Жолы болмай әр жерде,
Тұншығады тар жерде.
* * *
Сыншы деген шынында,
Қандай еді бұрында?
Бұхар жырау бабамыз,
Ақылы асқан данамыз,
Атышулы жандардың,
Абылайдай хандардың
Мінін ашық айтқан,
Бетіне басып айтқан.
Ашуланбай хан оған,
Ақыл тыңдап данадан,
Шын ықылас қойған ғой,
Кемшілігін жойған ғой.
* * *
Тіпті, орыс патша да,
Қатты сынап жтса да,
Крыловты қумаған,
Қол-аяғын бумаған.
Әр мысалын зерделеп,
Ақылға сап тыңдаған.
Сондықтан, ұлы мысалшы,
Көздеп түрлі нысанды,
Жаза берген мысалды.
Еш қиындық көрмеген,
Қалауынша сермеген.
Оның оқтай сөздері
Өтіп небір өңменнен,
Жүректерді тербеген.
Крыловтай ұстазым
Маған да маза бермеген.
Мен секілді мысалды
Сен де жазып көр деген.
Содан жазып келемін
Мысал деген термемен.
Торықпаймын, тосқауыл
Көремін деп кермеден.
Қолдап жатса ел деген,
Жасқанамын мен неден?
Әділеттікті мадақтап,
Әділетсізді адақтап,
Ақ семсерді сермегем.
Мың өлсе де қорқақтар,
Ерлер екі өлмеген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ас деген

  • 0
  • 0

Сөзін тыңда халықтың:
Ас арқау ма, атау ма?
Айта алады анық кім,
Аузы барып атауға?

Толық

Тамада

  • 0
  • 0

Қазақ қойсыз болмайды,
Қойсыз болса да, тойсыз болмайды.
Шілдехана, сүндет той,
Мектепке бару міндет той,

Толық

Аю апанында

  • 0
  • 0

Алатаудың аясы
Салқын өмір саясы.
Аңшылар да өрмелеп,
Тірелді бір өрге кеп.

Толық

Басқа да жазбалар