Қолғап – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қолғап» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1643
Көктем шыға бір бала
Атып ұрды ұрнаға
Киіп жүрген қолғабын.
«Енді суық болмайды,
Енді қолым тоңбайды,
Гүл жапты қыр жондарын».
Қолғап сонда балаға
Жалынышпен қадала,
Деді: «Ақымақ болмағын.
Көктем мен жаз, күз де өтер,
Қайта оралып қыс жетер,
Суытпай ма сонда күн?»
Бала ақылғы көнген бе?
Тағы да қыс келгенде,
Таппады іздеп қолғабын.
Соғып қардан аққала,
Жүргенде ойнап шаттана,
Алды үсіріп қолдарын.
* * *
Ей, балақай, көктемде
Қолғабыңды тығып қой.
Қайта қақап өктемдеп,
Қыс келерін біліп қой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қолғап өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қолғап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қолғап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қолғап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері