Қырқылған көше – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қырқылған көше» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1258
Алматы сәнді несімен?
Алматы мәнді несімен? –
Әрине, оқтай түп-түзу
Көшелерімен көсілген.
Қандай мін, сірә, тағасың?
Аралай берсең, табасың.
Қырқылған көше көргенде,
Амалсыз қайран қаласың.
Жап-жақсы көше жақында
Отырып қалды тақырға:
Үлкен үй түсті үстіне –
Ол көше Марков атында.
Желкесі мүлдем қиылды,
Жүретін көлік тыйылды.
Көшені қырқу көрікті
Болды екен кімге тиімді?
Үйлер де қажет халыққа,
Жөнімен, бірақ, салып па?
Көшенің үсті болмаса,
Басқа жер құрып қалып па?
* * *
Үйлерді солай салдырған
Бастық-ау нағыз антұрған.
Тұрса егер сонда отбасы,
Керек пе оған басқасы?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырқылған көше өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қырқылған көше өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырқылған көше өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырқылған көше өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері