Өлең, жыр, ақындар

Ананы жоқтау

  • 30.08.2019
  • 0
  • 2
  • 164818
Төр жапсарын ояйын,
Орнына сандық қояйын.
Дүниеден өткен анам-ай,
Орныңа кімді қояйын?!
Қалайы сандық қапсырдың,
Дәнекерлеп жапсырдың.
Артыңда қалған балаларды,
Анашым кімге тапсырдың?!
Шайыдан көрпе құрайын,
Дүниеден өткен анама,
Алладан иман сұрайын.
Базардан келген матадай,
........белге батады-ай.
Анашымның жоқтығы
Бір өзіме батады-ай.
Базардан келген көк арба,
Жаңбыр тисе, оңар ма?
Қанша адам жиналса,
Анашым, сендей болар ма?
Қайғыдан тарттым сырнайды,
Қайғының оғы зырлайды.
Мен қайғыдан жыласам,
Мұңлы бір адам жылайды.
Арғымақ келер еңістен
Төрт аяғы күмістен.
Айналайын, жан анам,
Орның болсын пейіштен!
Арғымақ келер ағылып,
Жібектен арқан тағынып.
Айналайын анашым!
Күнім бір өтті сағынып.
Мінгенде атым қара кер,
Жалынан аққан қара тер.
Анашым, сенің жоқтығың
Маңдайға түскен қалың сор.
Мінгендей атым кер ме екен?!
Маңдайдан аққан тер ме екен?!
Ащы даусым шыққанда
Сұлуымның даусы дер ме екен?!
Анашым келді сексенге,
Жылайын, жұртым, сөксең де,
Анашым енді табылмас,
Етектеп алтын төксем де.
Қайыңнан алған қорегім,
Қайғылы болды жүрегім.
Қиамет мақшар болғанда
Қосылар ма екен сүйегім?!
Жетімді жетім деп пе едің?!
Жетімнен ақы жеп пе едің?!
Өзің бір кетіп бақиға,
Жетім боп қалсын деп пе едің?!
Базардан келген машина,
Табанында жазина.
Анашым сенен айрылып,
Жүреміз енді не күйде?
Ауырды анам басым деп,
Сексенге келді жасым деп,
Алладан ұрпақ тілеген,
Артында жылап қалсын деп.
Үй артында арғымақ.
Байлауда тұрмас қарғылап.
Басыма түсті мың қайғы,
Анашымдай тау құлап.



Пікірлер (2)

Сара

Ойланатын нәрсе екен

Жомарт

«Ананы жоқтау» — қазақ ауыз әдебиетінің ең әсерлі фольклорлық өлеңдерінің бірі. Бұл шығарма анаға деген махаббат пен сағынуды, оның жоқтығынан туған мұң мен қайғыны шынайы әрі жүрекпен жеткізеді.

Өлеңнің алғашқы жолдарынан-ақ ақынның ана жоқтауы мен жан тербеген қасіреті айқын сезіледі. Төр бөлмені көз алдыңа келтіріп, аналарының орнына сандық қойып, оның орнын ешкімнің алмастыра алмайтынын жарқын әрі көркем бейнелейді. Бұл сурет — ана мейірімінің, жылылығының, баланың өміріндегі орнының өлшеусіздігін көрсетеді.

Шығарма арқылы ана мен бала арасындағы қасірет пен сағыныштың, туған адамның жақынының жоғалуынан туған мұңның күшті эмоциялық толқыны бейнеленген. «Артыңда қалған балаларды, анашым кімге тапсырдың?», «Анашымның жоқтығы бір өзіме батады‑ай» сияқты жолдар — бұл сезімнің шынайылықпенүрленген көрінісі.

Өлеңде сондай‑ақ мәдениеттің салттық элементтері мен қасіреттің ритуалдық бояуы да бар: қайғылы көңілдің зырлайтын сырнай секілді, анасы кеткен соң қалған жанның қалтарыс қайғысы — оқырманды бірден өзіне тартады. Усындай суреттелген арғымақ, көк арба сынды бейнелер — қазақтың дәстүрлі образдарын кеңірек ашады.

Қазақ мәдениетіндегі ана образы — сүйенер тірек, жолбасшы, балаға өмірлік мейірім мен тәрбие беруші адам ретінде ерекше құрметке ие. Бұл өлең де сол ұлы рөлді — ана мен оның балаға қалдырған рухани мұрасын жоқтап, қадірлеуді терең сезінеді.

Мұндай әдеби‑фольклорлық туындылар анаға арналып жазылған рухани еңбектердің жоғары деңгейін, қазақ поэзиясының әсерлі тілі мен символизмін көрсетеді. Өлең баланың жүрек түкпіріндегі сағыныш пен тағдырдың салмақты қайғысын көркем сөздермен жеткізіп, оқырманға анаға деген құрмет пен мейірімділік туралы терең ой салады.

Пікір қалдырыңыз

Ақбөпе /1-нұсқа/

  • 0
  • 0

Кеткенің бе, Ақбөпе, күдер үзіп?
Кетеріңде беріп кет түймеңді үзіп!
Беу, Әзизатай-Ақбөпе,
Енді есен бол-ай!

Толық

Қазақ шежіресінен өлеңмен жазылған қысқаша мазмұндама

  • 0
  • 0

Ал ұста, ойды тербеп, қолға қалам,
Жалқау боп, жүре бермей, болма сараң.
Артыңа аз да болса бір сөз қалдыр,
Бар болса, баста пікір, ойда санаң.

Толық

Алқарай-гөк

  • 0
  • 0

Дария ағып жатқан суда мін жоқ,
Қайуан өлдім дерге малда тіл жоқ.
Құрбылар тіршілікте ойна да күл,
Бұл дәурен екі айналып келмегі жоқ.

Толық

Қарап көріңіз