Өлең, жыр, ақындар

Міржақып – жұртымыздың қалаулысы!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

(Міржақыптың шығармалары жайлы)

Оятып бар қазағын ұйқысынан,
«Оян, қазақ!» деп ұрандап, өлең жазған.
Болсын деп ел жандары көрегенді,
Бұл өлеңді қазағыма бағыттаған.

Міржақыптың тым ғажайып бар романы,
«Бақытсыз Жамал» деп сол роман аталады.
Көркем проза атанған бұл шығармада
Қыз тағдыры жайлы сөз қозғалады.

«Шағым» деген өлеңі де Міржақыптың,
Сипаттайды өз халқының енжарлығын.
Өлеңде байқап және сезе аламыз,
Жаны ашып, ақынның мұңайғанын.

Көптеген туындысы елге арналған,
Елінің тағдырына арқау болған.
Би – парашыл, қарт – қарау болмасын деп,
Қаламымен кей шындықтың бетін ашқан.

Айта берсем, көп оның туындысы,
Өлең, роман, пьесасы мен мақаласы.
Кезінде өзен болып тасып аққан,
Міржақып – жұртымыздың қалаулысы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Міржақып – жұртымыздың қалаулысы! өлеңінің авторы кім?

DilyaraBalgabaeva — осы өлеңнің авторы.

Міржақып – жұртымыздың қалаулысы! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Міржақып – жұртымыздың қалаулысы! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде DilyaraBalgabaeva өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Міржақып – жұртымыздың қалаулысы! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.