Әйелге ана болған жарасады – Маржан Аккаюова

Бұл бетте «Әйелге ана болған жарасады» атты Маржан Аккаюова жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Сәбиге барын жасап қарасады,
Келсе де, келмесе де шамасы, әлі.
Жанары мейірімге тұнып тұрған,
Әйелге ана болған жарасады.

Мейірімі еркелікке жалғасады,
Сол үшін таусылмайды тамаша әні.
«Әлдиін» айтып бесік тербететін,
Әйелге ана болған жарасады.

Жеткізем деп тірлікте таласады,
Сауық құрған алаңсыз қалар шағы.
Сән-салтанат, той-думан сүйген гөрі,
Әйелге бала сүйген жарасады.

Жаз қылған қара суық қарашаны,
Тосыннан тарту еткен тамашаны.
Құлдығын қуантуға асығатын,
Әйелге ана болған жарасады.

Аққұба бүлдіршіндер қара, сары,
Қазақтың арта берсін бала саны.
Сылқым бол, сүйкімді бол, ең бірінші,
Әйелге ана болған жарасады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйелге ана болған жарасады өлеңінің авторы кім?

Маржан Аккаюова — осы өлеңнің авторы.

Әйелге ана болған жарасады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйелге ана болған жарасады өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әйелге ана болған жарасады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар