Өлең, жыр, ақындар

жас әрі аңқаулар

Қал қалай, жас әрі аңқаулар, көңілді, ересек балдырған? Кемпірқосақ көрсе таңғалған, жүгіретін айқай сап жаңбырда, арманын жүрекке жасыққан, көзінен от жанған ғашықтар, матрастың астына үлкеннен шылымды тығуға асыққан, достыққа мәңгілік нық сенген, аққуды айтпайм деп кісенген, ересек ақыл үйретсе, шығуға асыққан кісеннен, топ-топпен жүретін сайран сап, және сол жалқылар бірбеткей, қиялы қираса қайран сап, жүрмейтін арманын сүйретпей. Қалайсың, бөрінің ұрпақтары, "жастық бәрін кешірер" - деп ұлыған, мұңы мен қайғысын құр ақтарып, бәлеге белшеден ұрынған. Сәлем, күн мен шың балалары, туғандар кең дала, ұлыдан.

Сәлем. Бұл хатым болашақтан, мыңжылдықтар өткен әлемнен. Міне сізге, мәңгілік ғашықтар, мен сонау алыстан келгенмін. Ғаламшарлар толықтай зерттелген, Марсты үй толы еткенде, мұнда жоқ бай менен жарлылар, мұнда адамдар кимейді бетперде. Мұндағы мол ақша – дүние емес, қару мен тапанша – мұражайда, мұнда адамды тірілту түк те емес, мұнда тірі Мұқағали, Абай да. Үйлесім күйлескен мына әлемнен, сіздерге, өткен шақ, жазамын. Мына Жерге қираған әуелден, мына Жерге жүрегі жаралы. Атомдық бомбаға, мұнайға, халыққа қалған абдырап, өздерің иілген Құдайға, яғни, ақшаға, нақтырақ. Байларға, жарлыға жалданған, батырға тұлғасы үлгілі, көрерменге ылғи алданған, билікке істері күлкілі. Қыздарға еріксіз зорланған, балаға шылымнан қорланған, адамзатқа заттарды құрметтеп, бір-бірін аяусыз қолданған. Түн қарайып, күні өткенше, адамға қарбалас үркінді, қараймыз сендерге, өткен шақ, ауырлау, ессіздеу, біртүрлі...

Сәлем. Сөзімнен қаяу салмаңдар, бекерді жыр етіп қылмағың. Кіріңдер ойымдық аңғарға, өзеннің жетпейді жылғағы. Мейірімді болыңдар, күліңдер, қиялдап ғажапты алыста. Кеңірек жұтыңдар ауаны, жер-көкті аралап тыныс ал, аспаннан тамшылар жауады, жүгіріңдер "Өмір!" - деп жарыса. Өзіңе сеніңдер өлгенше, тобырды артта қалдырып, біреуді кекетіп күлгенше, күліңдер шапағат алдырып. Белестерді елемей өтіңдер, шыңдарды өзіңе бағындыр, пайдасын игеріп өртеңдер өткенді, арттағы қайғыны. Сіздер, жас әрі аңқаулар, – жасампаз құрушылар әлемді. Жолдарды таңдаңдар жан қалар, сендерге жолдаймын сәлемді. Сүйіңдер, күйіңдер, қуыңдар, сіздерде мына әлем – осы кез. Белдікті қаттырақ буын да, жаһанды бағындыр, өмір сез. Жасаңдар еместі мүмкін қып, ұшыңдар аспанға тебіле, тарихқа із қалдыр үлкен қып. Өмір сүр, шабыт ал, тебірен.

сүйіммен, jaskayrat.



Пікірлер (6)

Модератор

Өлеңдер емес мақала деген бөлімге қосу керек.

Мирас Жасқайрат

Модератор, неге? Бұл өлең ғой.

Модератор

Онда өңдеп қою керек, қатар қатар етіп. Қаламды басып өңдеуге болады.

Мирас Жасқайрат

Модератор, жоқ. Өлеңнің өзі сондай, қатар-қатар қылып жазсам, бар мәні мен сәні кетіп қалады. Бұл – өлең. Тек құрылысы басқаша, прозалық өлең.

jaskayrat

Модератор, бұл прозалық өлең. Құрылымы сондай. Бұл да өлеңге өзіндік мән береді.

Модератор

Жақсы.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз