Бес қаруым – бес парыз!!!
Құрандағы жөніне аят қалып,
Ғұмырымыз барады аяқталып.
Өткіземіз бос іспенен уақытты
Бес минуттық намаздан аяп қалып.
Ұқпастан Исламның мәнділігін,
Кейбір кезде арамзаға тән қылығым.
Арасында ұмытып кетеміз-ау,
Тозақ пенен жұмақтың мәңгілігін.
Неге біздер алмаймыз ғажаптан мән?
Дүниеде онсыз да аз-ақ қалған.
Өкініп қаламыз-ау кезімізде
Қабірдің азабында азаптанған.
Жұмақтан асқан бізге тұрақ бар ма?
Қабір деген сынақтан құлап қалма.
Мүмкіндігің барында жауап ізде
Мункир, Накир қоятын сұрақтарға.
Өмірдің қызығынан бас алмасаң,
Өмірің – еш, жұмақ құлпын аша алмасаң.
Мың көпірден өткеніңнің пайдасы жоқ,
Қыл көпірден, егер де, аса алмасаң.
Қате сөз адастырар анық көпті,
Көп адам жалғандықпен жанып кетті.
Тозаққа сенбейтіндер былай дейді:
«О дүниеге қай пенде барып кепті».
Өскің келсе иманменен өс бауырым,
Жәннатқа асық, әбден мүмкін, кеш қалуың.
Алланың жолына түс дайын болып,
«Бес парыз» - деп аталатын «Бес қаруың»!!!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі