Дегелек қар – Назира Бердалы

Бұл бетте «Дегелек қар» атты Назира Бердалы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.02.2020
  • 0
  • 0
  • 1812
Түнге сіңген... ұмытып Күн ұяны,
Қыз тағдыры секілді, қиын әні...
Қар жауып тұр.
Бақыттан басы айналған
Жұлдыздар көрінбестен жымияды.
Әлемде басқа не бар ед тағы?
Бәрібір...
Қолымда менің – қай-қайдағы бір сары гүл...
Жанымда - өзің, дауысы – бұлбұл, жаны – нұр
Көктемнің соңғы қары бұл.
Алда әлі мың гүл бар, көбелек бар!
Көңіліме үмітті шегелеп қал!
Алда әлі мың күн бар, сол бақытқа
Куә боп, дөңгелей бер, дегелек қар!
Дегелек қар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дегелек қар өлеңінің авторы кім?

Назира Бердалы — осы өлеңнің авторы.

Дегелек қар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дегелек қар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дегелек қар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері