Жазғы демалыс – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Жазғы демалыс» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 7142
Тұнған әсем тауы нуға,
Ақшаңқан үй бауырында.
Демалыста барам ылғи,
Ата-әжемнің ауылына.
Қаз-үйрегі көлде жүзіп,
Таусылмайды күнде қызық.
Тошаласын, қарақатын,
Бал татиды жегенде үзіп.
Таңғажайып мән бергенге,
Көңілімді ән кернеуде.
Түрлі әуенмен шалқиды ауыл,
Кешке өрістен мал келгенде.
Ағады онда бұлақ күліп,
Жайқалады құрақ тұнып.
Асыр салып, мәз боламын,
Қозы менен лақ қуып.
Шомыламын суға барып,
Жидек терем нуға барып.
Көркем ауыл табиғаты,
Сонда ғажап, думан сауық.
Жаз шалғынын желкен еткен,
Ауыл ғажап ертегі екен.
Атам беріп ақ батасын,
Әжем күнде еркелеткен.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазғы демалыс өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Жазғы демалыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазғы демалыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Әкірамұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазғы демалыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері