Корейская косметика премиум класса

Қарындасым

Қарындасым
Қарлығашым
Сен менің тілегімде
жанымдасың
Сен менің – ұятымсың
Арымдасың
Ешкімге таптатпайтын намысымсың
Өзгелер қор қылам деп жаңылмасын

Қарындасым
Қарлығашым
Қаныңда қайратың бар
Жалын-Жасын
Арманың- Арғымағың
Шалынбасын
Қазақы мінезіңмен бағалысың
Бойыңда құндылығың барында шын

Қарындасым
Қарлығашым
Аспаның ашық болсын
Тарылмасын
Бойыңда талант та бар талап та бар
Қаламың қажымасын
Жалындасын


Қарап көріңіз