Аукциондағы қалам – Ұлықбек Есдәулетов

Бұл бетте «Аукциондағы қалам» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1804
Бiр мырза сатып алды хан қаламын...
...Мен қазiр жыр жазбаймын,
жан бағамын,
Музаны тоқалындай жұмсайтұғын
Мандытқыш кей ақынға таңқаламын.

өлiара -
заманы екен өлерменнiң.
Қаздым да жүрегiмдi,
өлең көмдiм,
Жамырап болған болса жарымес қиял,
Қайырып қозы-лақтай көгендермiн.

Сұрайды ел:
«Жазбайсың деп өлең неге?»
Жырлауға ит-тiрлiктi көнер деме.
Қонбай ұш қара жерге,
қайран муза,
Қанатың кiрлеп қалар - төмендеме.

Шайырмын,
Дала - мұңым,
Отан - қайғым,
Шындықтың шөлейтiне сапарлаймын,
Ешқашан өлең жазбай кетсем даңы
Ешкiмге қаламымды сата алмаймын.

Кешсем де күндерiмдi қапалықпен,
өшсем де өз ойыма маталып мен,
Шалшыққа қона көрме,
аққу-муза,
Батпағын жырлай берсiн бақа бiткен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аукциондағы қалам өлеңінің авторы кім?

Ұлықбек Есдәулетов — осы өлеңнің авторы.

Аукциондағы қалам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аукциондағы қалам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұлықбек Есдәулетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аукциондағы қалам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері