Екеу – Темірғали Көпбаев

Бұл бетте «Екеу» атты Темірғали Көпбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1167
Жұмыр жердің бетінде,
Өкпек желдің өтінде,
Бүтін болып жаралдың
құрдым күннің шетінде.

Періште едің, дауласпан,
Сәби бетті, жылы өңі.
Бүтіндігің әу бастан,
Жаратқанның тілегі.

Бой түзедің, бұлқындың,
Ырық бердің ындынға.
Құлы болып құлқынның,
Құлдырадың құрдымға.

Жұпарыңды жай ұрып,
Жұрт ішінде жан бағып.
Ішің бөлек жайылып,
Сыртың кетті сандалып.

Күлдібадам күніңе,
Іштей айтып шүкір мың,
Үңгіріңде үніңе
діріл кірді: « Бү-тін-мі-ін!»

Сыртың басқа көрініп,
Ішің бөлек өріліп,
Құйтырқыға беріліп,
Негізіңнен жерініп.

Ішің найсап, сыртың дүр,
Қақ жарылдың екіге.
Тірлігіңді (тыртың құр)
Тәңір жазды ниетіңе.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екеу өлеңінің авторы кім?

Темірғали Көпбаев — осы өлеңнің авторы.

Екеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірғали Көпбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар