Махаббат – Сүндет СЕЙІТОВ

Бұл бетте «Махаббат» атты Сүндет СЕЙІТОВ жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ертең-ақ жырға толы бұл күн елес,
Жауыннан қорғаман бұлтым мені еш.
Тоятсыз, махаббатсыз адам үшін,
Секссіз ғашық болу мүмкін емес!

Жүрегім содан менің қан жылайды,
Алғысың болса маған, арзымайды!
Мәжінүнге махаббат қайғы болса,
Махаббатсыз адамға қаржы қайғы...

Адамның сейілмейді бұл күмәні,
Әйтеуір келешекке ұмтылады.
Түсінде ақ парақтай жыртылады,
Өлеңі ұлы ақынның ұйқыдағы.

Сезімің жалған болса, бір түнге ерер,
Шынайы қойылымды бір күн көрер.
Өлеңдегі Мәжнүнге жаным жылап,
Өмірдегі рөліне күлкім келер.

Желкемнен бір күндері сөз ұрмасын,
Болмаймын бұл пәниге өзім масыл.
Сегіз дәуір адасқан махаббаттың,
Ал, ендігі өмірі - сегіз ғасыр!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат өлеңінің авторы кім?

Сүндет СЕЙІТОВ — осы өлеңнің авторы.

Махаббат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері