Жазға салым жер жіпсіп бу шығады – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Жазға салым жер жіпсіп бу шығады» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1768
Жазға салым жер жіпсіп бу шығады,
Жауыр қырға жауқазын гүл шығады.
Ала баспақ албарда оқыра боп,
Тай-жабағы тебіндеп ту шығады.
Таң алдында тобарсып қара қатқақ,
Томырық жел тоқтады қанағаттап.
Боз тушаны бәйек боп күйттейді апам,
Ерте қашқан жануар дара лақтап.
Екі лақты боз туша жарыта алмай,
Ашқарақтар емеді жағы талмай.
Солқылдатып сорғанда сорлы ананың
Емшегінен қалай жүр қаны тамбай?
Дәрмені аздау ананың дәті қандай,
Емізеді аянып, жатып алмай.
Ана байғұс оттап ап жарытпай жүр,
Бала байғұс ашқарақ отыға алмай.
Арық туша аяғын шаққа алып жүр,
Сарқыт қалмай сауыры қақталып жүр.
Ананы ана аяйтын әдет қайда?
Апам бір күн саууға оқталып жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазға салым жер жіпсіп бу шығады өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Жазға салым жер жіпсіп бу шығады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазға салым жер жіпсіп бу шығады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазға салым жер жіпсіп бу шығады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері