Көне Ұрым кентінің қирандысы – Есенғали Раушанов

Бұл бетте «Көне Ұрым кентінің қирандысы» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1602
Көне Ұрым кентінің қирандысы,
Келмейді, тегі адамның иланғысы,
Жер жұтып бір-ақ түнде жоғалыпты,
Әуелден болмаған соң иманды ісі.
Жиекте тас құдайлар тұр жағалай,
“Бірден ал алсаң, Т
әңірім, мылжаламай”.
Сол күні суық хабар жетті сенен,
Қиратқан көне шәрді зілзаладай.
“Кешірмеймін, сен дағы кешірме” деп,
Соңымнан хат жібердің не үшін кенет.
...Біздің эрамызға дейінгі,
Бірдеңе деген қаланың,
Бірдеңе деген патшасы өлген,
Бірдеңе деген қамал еді ол – есімде жоқ.
Жаңа жылдағы ескі өлең
Керім қыс. Тайғақ демей табан астың,
Келеді ала қашқың, жағаласқың.
Әжесі арқалаған ақ баладай,
Мойнында бір уыс қар қара ағаштың.
Тағы да таудан асып таң келеді,
Таң келіп сәнденеді, бәлденеді.
Ескі әндей (қайырмасы есіңде жоқ),
Жадыңа салғысы кеп әлденені.
Паналап қу жапырақты торғай қонды.
Бұл оған қамқа сары тондай болды.
Қысса да тоңбайды енді қырық күн аяз,
(Шын батыр өлген соң да қорғайды елді).
Жазғырма қыс дейтұғын “кәрі қуды”,
Жұтқандай тазармақ боп тағы да уды,
Мұз шайнап, қар түкіріп қабарып тұр,
Кім айтты оп-оңай деп Арылуды.
Жаңа жыл. Жаңа буын. Жаңа дәуір.
Біз ғой ол – жаңармайтын қара бауыр.
Сондай бір кер кезеңге келіп тұрмын.
Сырты бүтін, ал іші ала дауыл.
Сіз ше?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көне Ұрым кентінің қирандысы өлеңінің авторы кім?

Есенғали Раушанов — осы өлеңнің авторы.

Көне Ұрым кентінің қирандысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көне Ұрым кентінің қирандысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есенғали Раушанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көне Ұрым кентінің қирандысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері