***

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Түбір тегің болса-дағы марқа кіл
Сеніміңді сезіміңе арта тұр
Адам болып қалу үшін адамға
Жеткілікті жарты ақыл

Адамдықтың арттыруға өсімін
Сеп болмайды санадағы еш ұғым
Кей кездері кездейсоқтау болса да
Жасау керек кешірім

Қаралы ойға қара қадақ құлып сап
Жұмыр етті жылы сөзбен жылытсақ...
Өкпелі іске ара- тұра болса да
Болу керек ұмытшақ

Тәңірімнен төгіледі тең ырыс
Уақытында жасай білсек шегініс
Көргенсіздік көре тұра кек тұтпау-
Кісілік пен Ең ұлы іс


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

*** өлеңінің авторы кім?

Нұрболат Аманбек-тегі — осы өлеңнің авторы.

*** өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

*** өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрболат Аманбек-тегі өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

*** өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.