Тоқсаныншы жылдар. “Тасқора” сыраханасы – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Тоқсаныншы жылдар. “Тасқора” сыраханасы» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 944
Тұнжырап түн келгенде тас қалаға,
Оянып шырт ұйқыдан қасқа Нала,
Мұңдылау жас ақынның кейпіне еніп,
Кіретін елмен бірге “Тасқораға”.
Сосын ол мұң ақтарар жүрегінен,
Жұқтырған жүрегіне түн елінен.
Налаға даласүйгіш шер қосылып,
Төгілер қапалы жыр түменімен.
“Тасқора” мекен болған серілерге,
Серіге серіктесер перілерге.
Кірерде сусап келген небір ер де,
Шығарда шақ қалады егілерге.
Қазақтың жыры осында, әні осында,
Бал сыра жазар жанның жарасын да.
Жас ақын мұңайып бір отыратын,
Арқаның арландары арасында.
Арландар азу білеп аракідік,
Көкбөрі көктегі Айға қарап ұлып.
Тарқайды тамашадан талып-шаршап,
Бәрінің жүрегіне нала жұғып.
“Тасқора” сұлу сырға баспана боп,
Талайдың жүрегіне тастаған от.
Сол кездің арландары аға қазір,
Қала мен нала басқа.
“Тасқора” жоқ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тоқсаныншы жылдар. “Тасқора” сыраханасы өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Тоқсаныншы жылдар. “Тасқора” сыраханасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тоқсаныншы жылдар. “Тасқора” сыраханасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тоқсаныншы жылдар. “Тасқора” сыраханасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері