Көктемгі жел – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Көктемгі жел» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1020
...Сыңғырлап бір күлдіңіз,
Еріп кетті көңілдегі сүңгі мұз.
Айтыңызшы, бұған дейін көрінбей,
Қай көшемен, қалай тыныш жүрдіңіз?
Қазір көктем қырда қызу құтты шақ,
Сыз басар тек кер кеудені дық қысап.
Балқаш жатыр қыртыстанып мұз төсі,
Кілегейі алынбаған сүт құсап.
Сықпыты осы мұз көлдің,
Сұрғылт тастар жағалауға тізген мұң.
Бүр бітпеген бұталарды менсінбей,
Шықпайды жел маңымыздан біздердің.
Бүрсіз бұта сағынады жыл құсын,
Қыртыстанып мұз боп жатыр күллі ішім.
Сүттей аппақ аңғал күнін аңсайды,
Іртік-іртік іріп кеткен тұрмысым.
Ал сіз күліп тұрдыңыз,
Көптен күткен көктем болар құрбыңыз.
Айтыңызшы, бұған дейін көрінбей,
Қай көшемен, қалай тыныш жүрдіңіз?..
2001.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемгі жел өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Көктемгі жел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемгі жел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемгі жел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері