Адамның кейбір сәттері – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Адамның кейбір сәттері» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 708
Тұмадан ішкен тұнық су қандай,
Шөліркеп құрғап тұрғанда таңдай.
Салқындап бойың, сарайың кеңіп,
Ақ маржан тағып алғандай маңдай.
Қаймақтап күрең шәй ішкен қандай,
Құрысып денең жадырай алмай
Тұрғанда,
балқып, құр атқа мінген .
Тәрізді
бойға күш құйылғандай.
Сапырып ішкен сары қымыз қандай,
Самалдап бойың, қан қызынғандай.
Кірбіңсіз көңіл төгіліп-тасып,
Тіршілік қамын құзырға алмай...
О, пенде адам, ғажапсың қандай,
Қолың жеткенге, тағатың қалмай
Қуансаң,
сәлге өкпелей қалып,
Кейисің,
көңілін орныға алмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адамның кейбір сәттері өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Адамның кейбір сәттері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адамның кейбір сәттері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адамның кейбір сәттері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері