Алғашқы кездесу – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Алғашқы кездесу» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 808
Аралап Қайнарды келемін
Гүл бақтың, нұр бақтың өзіндей
Баурайды жаныңды жарқын күй
Алғашқы оянған сезімдей.
Арқасын асқарға сүйеген
Саты үйлер ғажайып мол тіпті-ақ
Ақ күміс шыршалар алыпты
Шынтағынан демеп қолтықтап.
Алғашқы сезімдер жетелеп,
Аралап Қайнарды келемін
Бұл қала тәрізді өзімнің
Бірі ұзақ, бірі қысқа өлеңім.
* * *
Тепла сұлу ән салады
Қайнарды қақ жара сылдырап.
Бір батып, бір қалқып қалады
Өлеңнің жолдары бұлдырап.
Қай сәтте ақында ой тынған
Көкірегің күй болып күмбірлеп.
Өлеңнің жолдары толқыннан
Шығады айқындап, бір-бірлеп.
* * *
Прага! —
Кремль!
Келеміз
Аралап зәулім көп сарайды
Көнерген замана күбірлеп
Қабырғаларынан қарайды.
Ойлантты
оның әр тасында
Өнерлі қолдардан із қалған.
Ұрпақтарға жетіп бүгінгі,
Ұяға қоныпты ізгі арман.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алғашқы кездесу өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Алғашқы кездесу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алғашқы кездесу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алғашқы кездесу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері