О, қаракөз қайындар – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «О, қаракөз қайындар» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 711
Бір топ қазақ келіп жеттік Баймаққа,
Башқұрттарша – Баймақ, бізше бай жаққа
Кәусәр бұлақ, күміс көлдер, көк орман –
Көз тұндырған көрікті бір аймаққа.
Күн еңкейді тау жотасын алтындап,
Мүлгіп маңай жыршы құстан ән тыңдап.
Ақ қайындар арулардай кеш бата
Серуендеген су жағалап салқындап.
Ақ қайындар!
Ақ, қайындар жүзінен,
Ару сынын көрем белі үзілген.
Сибай, Баймақ алқабында осынау
Ақ қайындар – ақ шырағдан тізілген.
Шырағданнан алаулаған ақ жалын
Дерсің жарқын адамының ақ жанын.
Ыстық лебіз, жылы жүздер толқытып,
Құштық білем ақша бұлттың ақ жалын.
Қара көздер ұшқын атып,
Оттары
Қонып жатыр жүректерге тақ барып.
Сыпайылық сақтағанмен інілер
Тұрды білем лап етуге шақ қалып.
Қауышысып көптен біліс жандардай,
Қара көздер құрақ ұшты жан қалмай...
Дәл осы сәт сұрай қалсаң жүрегін
Суырып ап алақанға салғандай.
Ақат келеді: «ал, апатай, бер кемек» –
Қонақ кәде өткеріп жүр тер төлеп.
Сейтжан аға екі езуі құлақта,
Наз үйіріп, балдыздарына еркелеп...
Ирандықтан асып әндер қалықтап,
(Әркім бойда бар өнерін танытпақ). 
«Ай бұлбұлды» Шерхан бастап, шырқап ек,
Достық әні кетті биік шарықтап.
«Қаламқасты» Талғат бастап бір кезде,
Махаббаттың жанды алауы нұр көзде,
Бал сезімнің қанатында қалқыған
Мынау қауым ұмытқандай сырды өзге.
Мейірімдіге жақыны не,
алыс не,
Жақсы жайы танылады әр істе.
Адам жанын әлдилеуге жаралған
Қара көздер, бұрма ойымды теріске.
Сындарлы бой, сырдан терең ойың бар,
Шабыт көзі қызыл күрең шайың бал,
Аруларым,
Ән арнады қазақтар
Аты оның – «О, қара көз қайындар!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

О, қаракөз қайындар өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

О, қаракөз қайындар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

О, қаракөз қайындар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

О, қаракөз қайындар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері