Жұлдыз қадап қайттым мен – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жұлдыз қадап қайттым мен» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 517
Көңілі – көл, ойы – теңіз бұл халық,
Жаны – жайлау, жүрегі ән-жыр халық.
Күллі халық үлескенде мереке,
Қойған башқұрт жырлап жүріп құр қалып.
– Біз де жұртпыз!
– Бізге де ортақ мереке!
– Мерекесіз бола ма елде береке!
Десе башқұрт,
– Қонақ шақыр бір үйің,
Аймағың боп тойла етіп мереке!—
Депті қызыр.
Башқұрт жұрты құп алған.
Қол соғыпты жасыл дала, ну орман...
Көріп қайттық, қонақ келсе той жасап,
Кәрі-жасы шығады екен құмардан.
Жадыраған, жаудыраған бар алап,
Кербез ару Ақ Еділді жағалап,
Маңдайыма жұлдыз қадап қайттым мен...
Дарқан жанды башқұрт елін аралап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдыз қадап қайттым мен өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жұлдыз қадап қайттым мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдыз қадап қайттым мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдыз қадап қайттым мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері