Даланың мұңы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Даланың мұңы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 616
Көсілген кең сахара жазық едім,
Кеудеде жаны барға азық едім.
Ұя едім, үміттіге өмір едім,
Қазаққа ата жұрт, түп қазық едім.
Тер төккен талаптыға жанын қинап,
Масайраттым ақ алмас, алтын сыйлап.
Ынтымақты, береке-бірліктінің
Еңбегі еш кеткен жоқ көңілі қирап.
О, адамдар, маған да көз салыңдар,
Қойнауымда не асыл бар алыңдар.
Мен Анамын, ірікпеген бойда барын,
Парыз барын анаға еске алыңдар.
Теңізім — көлшік бұл күнде, өзен жыра,
Қара орманым қайысқан өртке ұрына.
Берді жасыл жайлауым, жауқазыным
Әсер өлкем айналды сортаң, сорға.
Қарт Дегелең, Хан Шыңғыс, Алтай алқа
Көк жартасы көкке ұшып болды жаңқа.
Ертіс, Есіл, сексен көлді сері Көкше
Алтын шолпылы атанғам ару Арқа.
Өн бойымды улады дәрі өтіп,
Бойымда қан осылар, әрім кетіп
Ракеталар жалыны жүзімді өртеп,
Қуат-күштен айырды әр әлім кетіп.
Каспий, Арал, Жейхұн мен дария Сейхұн
Төзгісіз-ақ бүгінгі көрсең сыйқын.
Мұнайлы буға уланды бал бекіре
Толмай жатыр сонда да түпсіз құлқын.
Айта берсем мұндай гәп түгесілмес,
Байлық күреп жатқан соң кім есірмес.
Өз байлығын өзі игеріп, иеленбеген
Мына ұрпақтың кінәсін тәңірім, кеш!
Алып жатыр асылымды жат жұрт бөліп.
Менің мұңымды ойлар бір біртуар жан
Арашалар деп толғанам үміт өріп.

17.03.2001 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Даланың мұңы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Даланың мұңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Даланың мұңы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Даланың мұңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері