Құндыз ішік, бұлғын бөрік – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Құндыз ішік, бұлғын бөрік» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 954
Құндыз ішік, бұлғын бөрік,
Көз қуантар сәнге серік
Затсың бірақ, бір жаманың —
Бере алмайсың ақыл бөліп.
Мәз етесің тыраштарды,
Жүретұғын көкірек керіп,
Ыбыр-жыбыр аймағына
Сөз өргізіп, есек теріп.
Қазағым деп жаны ауырмас,
Бір күн ішіп жегенге мас.
Қызыл көрсе, оттай қызып,
Арғысына басы ауырмас.
Қаперге алмас қоғам мұңын,
Парықтамас заман сырын.
Ертеңімен әуресі жоқ,
Көргенге мәз бүгін күнін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құндыз ішік, бұлғын бөрік өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Құндыз ішік, бұлғын бөрік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құндыз ішік, бұлғын бөрік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құндыз ішік, бұлғын бөрік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері