Қасақана – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қасақана» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 729
Тұрмастай боп жығылды деп
Бар әлемге жарласаң да,
Құбыжық деп, құбылды деп,
Көрінгенге зарласаң да,
Негізіңе тартып кеміс,
Жамандасаң қорласаң да,
Қарғаларың жиып тегіс
Қарқылдасаң, қалмасаң да,
Қара бұлт боп төніп келіп,
Қастықпенен торласаң да,
Аққа қара жұға алмайды
Жұқтырам деп зорласаң да,
Адал жаным алаулайды
Сөндірем деп болмасаң да,
Асау басым иілмейді
Асқар болып қармасаң да ,
Тізем сірә бүгілмейді
Бүктірем деп болмасаң да,
Қаздаң басқан қадамым бар,
Алдына алып бармас ол да.

1960 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасақана өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қасақана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қасақана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қасақана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері