Өлең, жыр, ақындар

Күннен күшті большевик

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 817
Күштісі күштілердің күшті алтын күн,
Жыл бойы: нелер миллиард, миллион, мық,
Ұршықтай айналдырып бар әлемді
Келеді бар дүниеде оған тең кім?
Сонымен жарысуға большевик біз,
Дәл биылдан ілгері он жеті күз,
Бел байлап, социалды шарт жасадық,
Біздің ұшқыр күніміз — партиямыз.
Тексеріп, қорытқанда, биыл шартты,
Қайраты большевиктің, күннен де артты.
Немене артқаны емей, күн қай кезде
Жоспардан артық күшпен жүгін тартты?
Жер қашан, 360 күннен бұрын,
Асыра орындады жоспар жылын?
Әлемде большевик-ақ, бесті төртте
Бітірген, қиындықты көрмей жұғын.
Адам түгіл, әлемнен түгел озып,
Озған сайын жалындай қайрат қозып,
Бәйгені күшті күннен біз әкеттік
Қолымызды жер түгіл күнге созып!

1934



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын адым

  • 0
  • 0

Октябрь
Жиырманың тоғызына
Аяқ сап,
Теңізді теріс ағызуға

Толық

Биылғы май

  • 0
  • 0

Бұл Отанның Майы да
Коммунистік
Партияның әлпешті ұлы болды.
Әрбір жылдың айы да

Толық

Сыбызғының сыры

  • 0
  • 2

Сыбызғының сарыны,
Қайғылы елдің зар-үні,
Кетер ол үн алысқа!..
Болашақ бір уақытта,

Толық