Биылғы май – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Биылғы май» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 833
Бұл Отанның Майы да
Коммунистік
Партияның әлпешті ұлы болды.
Әрбір жылдың айы да
«Ол» деместік
Былтырғыдан көркем де, ірі болды.
Былтырғы Май туристей
Жердің шарын
Саяхаттап, мекенге келді оралып.
Жан баспаған өрістей,
Жаңаларын
Отан сыйға алдынан шықты алып.
Бұлар бұрын білмеген,
Көрмеген сый,
Саны, сәні, сапасы үздік артық.
Ғажап көркем түрменен
Тартқан ылғи
Құшақтай алды сыйды, Май құмартып.
Жаңа түрмен безенген
Біздің Майға,
Дос сүйсініп, құрметтеп соқты қолын.
Дұшпан ерні кезерген,
Ауыр ойда,
Тұнжырады бүкшите тосып жонын.
Сүйін, дос, сен де біздей
Өз Майыңды
Безендір былтырғыдан биыл артық!
Дұшпан, сен, тауды сүзбей,
Біл жайыңды!
Әйтпесе, жоқ қылармыз бір-ақ тарпып!

1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері