Түрлі түстер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Түрлі түстер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4342
Бояп әппақ түспенен,
Қандай шебер істеген?
Ақ тілекті анадай –
Қатты ұнайды қыс деген.
Бояп жасыл, көкпенен,
Бар тіршілік көктеген.
Көтеріңкі көңілдер –
Қатты ұнайды көктемем.
Қызыл, қоңыр, қарадан
Жеміс жеп жүр балақан.
Жанның бәрі жайдары –
Жаздың күнін жаратам.
Бояп алтын сарымен,
Ен далама салып өң,
Берекеге бөлеген –
Күзді ұнатам бәрінен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері