Нөсер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Нөсер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2841
Шаң-тозаңды үйіріп,
Жел ұйытқып еседі.
Қабағы тас түйіліп,
Аспанда бұлт көшеді.
От қамшысын үйіріп,
Шатыр етті ол кенеттен.
Кетті нөсер құйылып,
Төгілгендей шелектен.
Тамшылары нөсердің
Терезені сабалап,
Иір-иір көшені
Ағып жатты аралап.
Тамаша ғой, тамаша
Астықты алқап, тың далам.
Тамашалап балаша
Жаңбыр жырын тыңдаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері