Қолыңнан кетсе сенгенің

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2583
Біразырақ сөйлейін,
Көтеріп көңіл қошын-ай.
Ренжиді көңілім,
Өтесің, дүние, босына-ай.
Аз күн бір жүрміз айналып
Көктеген жердің отына-ай.
Көңілді паһам аулайын,
Аударып зауал осылай.
Азғын тартар қаз бен қу,
Суалса айдын көлдері.
Өзеннің бойы құлазыр.
Жайлаған кетсе елдері.
Тиянақ кетер дариядан,
Бұзылса шалқып сеңдері.
Дарияға кеме жүзе алмас,
Құрсаулы кетсе шеңбері.
Бай мұрадан айрылар
Атадан қалған қылыш бау
Алынса сандык, теңдегі.
Айдынды туған ер жігіт
Кемшілік табар майданда,
Семсері кетсе белдегі.
Заманнан заман оралса.
Балыққа шортан жем болар
Қарағай басып өрдегі.
Алартқан көзін алашқа
Әйләдір менен қалмаққа
Алынбай кеткен шемдері.
Асылдар кетті қолымнан,
Нұрқасым, Қорек заманда
Азбай бір тұрған белгі еді.
Ниеті таза, көңілі хат,
Жаралған абзал пенде еді.
Айран болады екен ақылың,
Уақыты жетпей қапыда
Қолыңнан кетсе сенгенің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қолыңнан кетсе сенгенің өлеңінің авторы кім?

Ақтан Керейұлы — осы өлеңнің авторы.

Қолыңнан кетсе сенгенің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қолыңнан кетсе сенгенің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақтан Керейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қолыңнан кетсе сенгенің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері